Мектепке жасына дейінгі балаларға жобалау әдісін қолдана отырып танымдық қабілеттерін дамыту

Автор: Шалабаева Г.У., ҚҒӘО МДТ және ББ бөлім басшысы. Опубликовано в Балабақшалар

images2017 жылдың 20 сәуірінде № 22 “Балдырған” мектепке дейінгі ұйымда “Мектепке жасына дейінгі балаларға жобалау әдісін қолдана отырып танымдық қабілеттерін дамыту” тақырыбында қалалық панорамалық ҰОҚ өтті.

Мектеп жасына дейінгі балаларға айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым қатынаста болуға үйрету, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу. Қоршаған ортамен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі.

Қоршаған ортамен таныстыру барысында “Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені” екендігі жөнінде нақты түсінік беру. Табиғатты қорғау – экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі. Қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарының бір-бірімен байланысын ғылыми тәжірбие жасау арқылы тәрбиеленушілерге жеткізу.

imagesПанорамалық ҰОҚ № 22 “Балдырған” мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері, ат салысып ортаға қоршаған орта құбылыстарына тәжірбие жасап көрсетіп осы тақырып аясында терең аша білді.

Осы іс-тәжірбиелерді пайдалану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыруға болатының айтып өтті.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне жобалау іс-тәжірбиелері арқылы қоршаған ортаға деген қарым–қатынасы мен мәдениетін қалыптастыруға болатыны түсінікті болды.

Tags: Шалабаева Г.У. «Балдырған»

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда