Жаңашыл бағдарламалар арқылы педагогтің кәсіби құзіреттілігін арттыру

Автор: Шалабаева Г.У., ҚҒӘО МДТ және ББ бөлім басшысы. Опубликовано в Балабақшалар

imagesТәрбиеші - балалардың қызметін ұйымдастыратын, ақпарат таратушы, баланың жетілуіндегі көмекшісі мен досы. 2017 жылдың наурыз айының 10 күні Ақтөбе қаласы № 47 «Нұр-Ай» мектепке дейінгі ұйымда «Жаңашыл бағдарламалар арқылы педагогтың кәсіби құзіреттілігін арттыру» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинар жұмысына балабақша тәрбиешілері қатысты. Семинарға қатысушыларды балалардың музыкалық сәлемдемесімен жылы қарсы алды.

№ 47 «Нұр-Ай» мектепке дейінгі ұйымында семинар барысында тәрбиешілердің тәжірибелері көрсетілді. Олар өздерінің балалармен жасаған жұмыстарынан педагогикалық іс-тәжірибелерін белсене көрсетті. Тәрбиешілер өздерінің ұйымдастырылған оқу қызметтерінде балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағыттады. Олар: драма, ТРИЗ технологиясымен сурет салу.

Өткізілетін іс-шаралар балалармен тыс сабақтар қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырған: құм терапиясы, әртүрлі массаж түрлері, сауықтыру кешендері, ертегі тақырыптары, М.Монтессоридің ойын технологиясы.

Семинардың теориялық бөлімінде балабақша тәрбиешілері топтардың құжаттарының картотекасын, ойын картатекаларын, үлестірмелі және көрнекі құралдарын таныстырды.

Tags: Шалабаева Г.У. семинар «Нұр-Ай»

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда