Моторика дағдыларының маңыздылығы

Автор: Шалабаева Г.У., ҚҒӘО МДТ және ББ бөлім басшысы. Опубликовано в Балабақшалар

images2017 жылы 6 қарашада Ақтөбе қаласында Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Райгуль» МДҰ-да «Мектепке дейінгі жастағы балалардың қазақ және орыс тілдерін дамытудағы ұсақ моторика дағдыларының маңыздылығы» тақырыбында МДҰ-дың қазақ және орыс тілі мұғалімдерінің қалалық тәжірибелік-семинары өтті.

Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың ұсақ моторикасын дамыту арқылы ерікті зейін, логикалық ойлау, көру және есту, есте сақтау қабілетін, тілін дамыту. Балалардың қазақ және орыс тілдерін үйрену барысында ұсақ моторикасының әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдану.

Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардардың түрлі бағыттағы 86 педагог қатысты. Семинар басында «Ұсақ моториканың баланың жан-жақты дамуына әсері» тақырыбында ҚҒӘО мектепке дейінгі тәрбие және бастауышта білім беру бөлімінің басшысы Шалабаева Г.У. баяндама оқыды.

Осыдан соң, «Райгүл» МДҰ меңгерушісі Миранова Т.М «Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасымен тілін дамыту жұмыстарының маңызы» баяндама жасады.

«Мектепке дейінгі жастағы балаларға ұсақ моториканы дамытуда литотерапияны қолдану» тақырыбы бойынша № 11 «Ақбота» орыс тілі мұғалімі Назарова Г.Ж сөз алып, бала тілін дамыта отырып, массаж шараларын көрсетті.

№ 12 «Інжугүл» МДҰ орыс тілі мұғалімі Жумалиева Н.А «Мектеп жасына дейінгі балаларға орыс тілін уйретуде ойын арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту» тақырыбы бойынша іскерлік ойын көрсетті. Педагог мамандар әртүрлі ұсақ моторикамен жұмыс жасай отырып, өлең оқып, ән айтты.

№ 10 «Алма» қазақ тілі мұғалімі Қонақбаева М.Қ «Мектепке дейінгі жастағы балаларға қазақ тілін үйретуде ұсақ қол моториканы дамытатын ойындардың маңызы» тақырыбында слайд- презентация көрсетті. Педагог түрлі бұршақ дәндері мен жармаларды пайдалана отырып, баланың ұсақ моторикасыарқылы тілін дамыту жұмыстарын тәжірибе жүзінде көрсетті.

№ 3 «Ертегі» МДҰ орыс тілі мұғалімі Кусаинова Г.Е. «Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамытуда ұсақ моторика технологияларының түрлері» тақырыбында слайд- презентация көрсетті. Педагог мамандар ұсақ моториканы дамытуға арналған әртүрлі тақырыптағы көрнекіліктерге қызығушылықтарын білдірді.

Семинар соңында ҚҒӘО мектепке дейінгі тәрбие және бастауышта білім беру бөлімінің басшысы Шалабаева Г.У сөз алды: «Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық-саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды». Ол педагог мамандарды өз жұмыстарына бірігіп күш салуын айта келе, ертеңгі күнге сәттілік тіледі.

Tags: Шалабаева Г.У. «Інжугүл» «Ақбота» «Алма» «Ертегі» «Райгүл»

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда