«Ана мен бала» ток-шоу

Автор: Шалабаева Г.У., ҚҒӘО МДТ және ББ бөлім басшысы. Опубликовано в Балабақшалар

ana-men-balaАқтөбе қаласы 65 мектепке дейінгі ұйымдарда «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» атты ата-аналармен шара өткізілді.

Мақсаты: мектепке дейінгі балаларға арналған ойын-сауық және мәдени шараларды ұйымдастыруда мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы ықпалдастықты қолдау дамыту. Міндеттері: ток-шоу тақырыбы аясында пікір алмасуға жағдай жасау, ата-аналардың пікір-талас алаңына қатысуын ұйымдастыру, балалардың шығармашылғын насихаттау, педагогтардың шығармашылық ізденіс тудыру.

Бұл шараға № 37 «Балапан» мектепке дейінгі ұйымда 25 ата-ана, 15 педагог қатысты. Өткізушілер: тәрбиеші Избасарова К.Н., музыка жетекшісі Айтқалиева А.Р.

Ата-аналармен біріккен бір қатар жұмыстар жүргізілді:
- Үйде бекітілген күн тәртібі сақтала ма?
- Балаңызда қорқыныш сезімі болады ма?
- Балаңыздың бойынан қандай қасиетті көргіңіз келеді?
- Балаңызды басқа адамдарға жеке қалдырып көрдіңіз бе?
- Балаңызды әрдайым ойлап жүресіз бе?

Тағы сол сияқты сұрақтарға жауап бере отырып, ата-аналар пікірталасқа белсене қатысты. Ата-аналармен сергіту жаттығулары, «Сіз балаңызды түсінесіз бе?» деген психологиялық тренинг өткізілді. Кездесу соңында ата-аналар балабақшаға деген ризашылықтарын білдіріп алғыстарын жаудырды. Кеш соңында музыка жетекшісі Айтқалиева А.Р. көпшілікке арнап ән айтты.

«Ертөстік» мектепке дейінгі ұйымында ортаңғы, ересек, даярлау тобының ата-аналарының қатысуымен «Ана мен бала» атты ток-шоуы өтті. Ток-шоу балабақшаның мамандары: психологі, тәрбиешілер мен музыка жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Өнерлі бала-ата-ананың бақыты» атты тақырыбында ұйымдастырылды. Ток-шоуды жүргізген мектепке дейінгі балалардың жас ерекшелік психологиясын толық меңгерген, ата-анамен жұмыс ережесін жетік білетін мамандар Логвина А.Н және Саламатова А.Ж өткізді.

«Ана мен бала» ток-шоудың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын-сауық және мәдени шараларды ұйымдастыруда мектепке дейінгі ұйым мен ата-ана арасындағы ықпалдастықты қолдау, дамыту».

Ток-шоу тақырыбы аясында ата-аналармен педагогтардың арасында пікірталасуына жағдай жасалды. Ата-аналар пікірталасу алаңына белсене қатысып өз ойларын ашық айта білді. Балалардың шығармашылығын насихаттау мақсатында психолог өз кеңесін бере отырып «Баланың шығармашылығын ашу», «Бос стакан» атты тәжірибесін өткізді. Сонымен бірге ата-аналардың музыка және хореограф мамандарының кеңесін алуға мүмкіндік болды. Ата-аналар ток-шоу туралы «Жиі осындай ток-шоу өтсе екен..», «Бізге ұнады», «Керек тақырып қозғалды» деген ой білдірді.

№ 41 «Назерке» МДҰ -да мектепалды даярлық тобының ата-аналармен «Өнерлі бала-ата-ананың бақыты» тақырыбында пікіралмасу алаңы өткізілді.

Негізгі мақсаты- мектепке дейінгі ұйым мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.

Пікіралмасу алаңына алты ата-ана баларымен бірге қатысып, ой жинақтау бөлімінде балалардың өнерге деген қабілеттері туралы өз ойларын ортаға салды. Ата-аналар балаларымен бірге ертегі атрибуттарын қолданып, берілген ертегіден үзінді көрсетіп, көңіл күйлері көтеріліп қалды. Пікіралмасу алаңы өз дәрежесінде өтті.

№ 9 «Бәйшешек» мектепке дейінгі ұйымында ата-аналармен, психолог, әлеуметтік педагог, логопед мамандарымен және басқа пән жетекшілерімен бірігіп «Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс» атты ток – шоу ұйымдастырылды. Өткізу формасы: дөңгелек үстел.

Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, пікір – алысу, ой бөлісу.

Мақсаты: мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы қарым – қатынасты нығайту, ықпалдастықты қолдау, дамтыу. Бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерін шешу жолдарын қарастыру.

№ 15 «Жидек» балабақшасында педагогтар мен ата-аналар арасында тиімді сұхбат құру, бала тəрбиесі бағыты бойынша ата-аналардың педагогикалық білімін кеңейтіп, ынтымақтастықты нығайту мақсатында "Өнерлі бала – ата- ананың бақыты" тақырыбында ток-шоу өтті. Ток-шоу аясында қызықты да əсерлі пікірталас болды, ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, толғандыратын мəселелері бойынша əңгіме өрбітті.

Tags: Шалабаева Г.У. «Назерке» «Жидек» «Ертөстік» «Балапан» «Бәйшешек»

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда