Ең үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі

Автор: Мухамбетова Ж.Ж., Ақтөбе қ. ҚҒӘО директор. Опубликовано в Директордың блогы

Ең үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі 2014 жылы 20-25 сәуір аралығында Ақмола облысы Бурабай қаласында I-Республикалық «Ең үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі – 2014» байқау өтті. Мақсаты мен міндеті: дене шынықтыру мұғалімдерінің шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету және кәсіби өсуіне қолғабыс жасау, сонымен қатар, басты ұстаным – осы сала мамандарының кәсіби абыройын арттыру; педогогикалық шығармашыл қызметкерлерді табу және оларға қолдау көрсету. Жаңашыл педогогтардың ұсыныстары мен олардың шығармашылық жемісінің қорытындысымен алмасу. Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін жан-жақты тарату.

Байқаудың шарттары:

  • І айналым – «Педагог – шебер». Мұғалімнің кәсіби тәжірибесі тұрғысындағы таныстырылым дайындау.
  • ІІ айналым – «Жаңа мектепте – қазіргі заманға сай сабақ үлгісі». Дене шынықтыру пәнінің жүргізілуі.
  • ІІІ айналым – «Тиімді жүргізілген тәжірибені әрбір мұғалімнің тәжірибесіне енгізу». Авторлық бағдарламаны қорғау.
  • IV айналым – «Достар Алаңы». Интерактивті тақтаны пайдалана отырып спорттық шараның таныстырылымы.

Байқауға 14 облыстан мұғалімдер қатысты, Ақтөбе облысынан № 51 гимназия мұғалімі Сарыпбеков Нұрғали Мамырайымұлы төрт айналымнан жоғары ұпай жинап бас жүлде “Гран-при” атағына ие болды.

Сайыс тартысты өтті. Сайыс барысында республикамыздың түкпір-түкпірінен келген шебер мұғалімдер өз білімдері мен біліктерін жан-жақты көрсете білді.Осындай тартысты да қызу бәйгеде жүзден жүйрік озып келген Ақтөбе облысының намысын қорғап отырған Н.М.Сарыпбеков өз білімімен, жауапкершілігімен,байқаудың барлық айналымына жан-жақты дайындығымен әділқазылар мен көрермендердің көңілінен шығып,жарыстан дара озып шықты. Білім және Ғылым министірлігінің төс белгісімен марапатталды.

Байқау қатысушылардың дөнгелек үстелде сөз сөйлеуімен аяқталды, олар Республика мектептеріндегі дене тәрбиесі мұғалімдерінің алдарына қойған міндеттерді орындауда нық талпыныс танытқандарын айрықша атап өтіп, аналогиялық байқауларды жүйелі өткізу қажеттігі туралы өз ойларын білдірді.

I-Республикалық «Ең үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі -2014» байқау Сарыпбеков Нұрғали Мамырайымұлы Сарыпбеков Нұрғали Мамырайымұлы

Tags: Мухамбетова Ж.Ж. № 51 гимназия

  • Сайт президента Республики Казахстан
  • Министерство образования и науки Республики Казахстан
  • Назарбаев Интеллектуальные школы
  • 10
  • Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу»
  • 11
  • Назарбаев Университет
  • Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования
  • 13
  • Республиканский учебно-оздоровительный центр «Балдаурен»
  • 12
  • 14
  • 16
  • 15
  • Университет Жубанова
  • Білімді ел - Образованная страна

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда