Жырлаймын, ұстаз, өзіңді

Автор: Мухамбетова Ж.Ж., Ақтөбе қ. ҚҒӘО директор. Опубликовано в Директордың блогы

Жырлаймын, ұстаз, өзіңді Ақтөбе қаласының білім бөлімі қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының ұйымдастыруымен Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрының ғимаратында Ұстаздар мерекесіне арнап «Жырлаймын, ұстаз, өзіңді!» атты салтанатты шара өткізді.

Мерекеге қала әкімі Ерхан Умаров, қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова, сонымен қатар білім ұйымдарының басшылары, 382 шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңашыл ұстаздар, ардагер ұстаздар, ата-аналар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылды.

Мерекенің алғашқы құттықтау сөзінде қала әкімі Ерхан Умаров ұстаздардың қоғам алдындағы рөлі туралы сөз қозғады.

Оқушылары бірыңғай ұлттық тестілеуде жақсы нәтижеге қол жеткізген, беделді олимпиадалардың, зияткерлік сайыстардан жүлделі орындар алған 10 ұстазға қала әкімнің 100 000 теңге сыйақысы (№ 8 ОМ, № 9 ОМГ, № 17 ОМГ, № 23 ОМЛ, № 27 ОМЛ, № 32 ОМГ, «Сымбат» мектебі, Елек ОМ, жас туристер станциясы, № 43 МДҰ) табысталды.

Биылғы ұстаздарға арналған шара «Кәсіби мұғалім», «Құзіретті ұстаз», «Мұғалім – зерттеуші», «Көшбасшы мұғалім», «Креативті ұстаз», «Учитель мастер», «Любящее сердце», «Начало всех начал», «Лучший учитель года» номинациялары бойынша өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жемісті педагогикалық еңбектері үшін еліміздің қалаларының біріне жолдама және марапаттауларды қаламыздың беделді адамдары, «РИКА ТВ» телекомпаниясының директоры Н.Бандровская, Ақтөбе қаласының атағын шығарған белгілі спортшы Е.Гончаров секілді тұлғалардың табыстауымен ерекшеленді.

Қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.Ш. Уралбаева ардагер ұстаздарды жылы лебізімен құттықтап, ақшалай сыйақы табыстады.

Ұстаздардың кәсіби мерекесін қалалық оқушылар сарайы, Қазанғап өнер мектебі мен № 1, 2 балалар музыка мектебінің өнерпаздары мен қала мектеп оқушыларының өнерлерімен әрлендіре түсірді.

Арынгазиева Айгуль Амангазиевна Уразбаева Ляззат Аманжоловна Уралбаева Лидия Шайгазиевна

Tags: Мухамбетова Ж.Ж. Ұстаздар күні Уразбаева Л.А.

  • Сайт президента Республики Казахстан
  • Министерство образования и науки Республики Казахстан
  • Назарбаев Интеллектуальные школы
  • 10
  • Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу»
  • 11
  • Назарбаев Университет
  • Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования
  • 13
  • Республиканский учебно-оздоровительный центр «Балдаурен»
  • 12
  • 14
  • 16
  • 15
  • Университет Жубанова
  • Білімді ел - Образованная страна

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда