№ 57 орта мектебінің оқушыларға есігін айқара ашады

Автор: Мухамбетова Ж.Ж., Ақтөбе қ. ҚҒӘО директор. Опубликовано в Директордың блогы

№ 57 орта мектебінің оқушыларға есігін айқара ашады Жаңа ғимаратты тапсырысқа беру салтанатты жиынында Ақтөбе облысының әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлы, Ақтөбе қаласының әкімі Сағын Бекбол Ұбайдоллаұлы қатысады. Құрылысты жүргізген «КазПромСтрой групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, директоры – Ержанов Бақытжан Олжабаевич.

Заманауи үлгіде салынған мектеп үш қабатты ғимаратта орналасып, 270 орынға арналған. Аумағы 3076,0 шаршы метр. Жаңа ғимараттың құрылысына облыстық бюджеттен бөлінген. Мектептің оқу-тәжірибелік аймағында орналасқан биологиялық, географиялық алаңдар лабораториялық-тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырып, өткізуге арналған. Мектептің спорт алаңында жүгіру жолағы бар спорттық ядро, баскетбол мен волейболға арналған біріктірілген алаң бар.

Бірінші қабатта 120 орындық асхана, 2 технология кабинеті, медициналық блок, психолог пен логопед кабинеттері, спорт зал және 3 оқу бөлмелері бар. Екінші қабатта әкімшілік блоктар, және қазіргі заманға сай жабдықталған биология кабинеті, 50 орындық оқырмандар залымен кітапхана, медиатека, бір лингафон кабинеті мен 5 оқу бөлмелері орналасқан. Үшінші қабатта 120 орындық мәжіліс залы, физика, химия кабинеттері бар. Білім ордасында сабақтан тыс уақытта үйірме жұмысын ұйымдастыру, сонымен қатар 2 класс-комплекті мектепалды дайындық класы ашылады, 3-5 жас аралығындагы тәрбиеленушілерге 3 топтық шағын орталық бар.

№ 57 орта мектебінің директоры – Досжанова Маншук Болатқызы.

№ 57 орта мектебінің оқушыларға есігін айқара ашады № 57 орта мектебінің оқушыларға есігін айқара ашады № 57 орта мектебінің оқушыларға есігін айқара ашады

Tags: Мухамбетова Ж.Ж. № 57 орта мектеп

  • Сайт президента Республики Казахстан
  • Министерство образования и науки Республики Казахстан
  • Назарбаев Интеллектуальные школы
  • 10
  • Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу»
  • 11
  • Назарбаев Университет
  • Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования
  • 13
  • Республиканский учебно-оздоровительный центр «Балдаурен»
  • 12
  • 14
  • 16
  • 15
  • Университет Жубанова
  • Білімді ел - Образованная страна

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда