Наурыз мерекесімен құттықтау!

Автор: Мухамбетова Ж.Ж., Ақтөбе қ. ҚҒӘО директор. Опубликовано в Директордың блогы

Қадірменді ұстаздар, әріптестер! Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Еліміздің болашағы жастар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде ұлттық нышанымыз бен салт-дәстүрімізді саналарына сіңірткен береке-бірліктің негізі болған осы - Наурыз мерекесі. Ұлттық мерекенің мақсаты барымызды қадірлеу, қастерлеу.

Ендеше, ұлт болашағы қадірменді ұстаздар, әріптестер Сіздердің қолдарыңызда! Осынау мерекедегі көңіл-күй Сіздің сергектігіңіз бен күш-жігеріңіздің қуат көзіне айналсын.

Еліміздің тұтқасын нық ұстайтын, ертеңіне сеніммен қарайтын, халқымыздың салт-дәстүрі мен тарихи шежірелерін қадірлей білетін, Мәңгілік ел жастарын тәрбиелеу саласындағы ерен еңбектеріңізге өрлеу мен өсу, жарқын істеріңізге жаңашылдық, дендеріңізге саулық пен баянды ғұмыр тілеймін!

Tags: Мухамбетова Ж.Ж. Наурыз

  • Сайт президента Республики Казахстан
  • Министерство образования и науки Республики Казахстан
  • Назарбаев Интеллектуальные школы
  • 10
  • Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу»
  • 11
  • Назарбаев Университет
  • Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования
  • 13
  • Республиканский учебно-оздоровительный центр «Балдаурен»
  • 12
  • 14
  • 16
  • 15
  • Университет Жубанова
  • Білімді ел - Образованная страна

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда