Құрметті Ботагөз Қуантайқызы

Автор: Мухамбетова Ж.Ж., Ақтөбе қ. ҚҒӘО директор. Опубликовано в Директордың блогы

Кусмамбетова Б.К.Ақтөбе қаласының ғылыми-әдістемелік Орталығы Сізді Республикалық «Жыл әдіскері» байқауында ІІ орынды еншілеген жүлделі орныңызбен шын жүрекпен құттықтайды!

Сіз өзіңізге жүктелген міндеттерге асқан жауапкершілікпен қарап, жоғары кәсібилігіңізбен, мол тәжірибеңізбен, ақыл-парасатыңызбен, ұйымдастырушылық қабілетіңізбен дараландыңыз!

Әріптестеріңіз Сізді кемел келешектің кілті - білімді ұрпақ тәрбиелеуде заманауи әдіс-тәсілдерді оқу үрдісіне батыл енгізіп, сапалы нәтижеге қол жеткізген жоғары білікті әдіскер, тәжірибелі тәлімгер ретінде таниды. Сіз өнегелі еңбегіңізбен, тындырымды ісіңізбен және қарапайым да парасатты мінезіңізбен үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік мамансыз. Әрдайым еңбегіңізді шығармашылықпен ұштастыра біліп, әріптестеріңізге өз ісіңіздің қыр-сырын үйретіп, тәжірибеңізбен үнемі бөлісіп келесіз.

Ұстаздық – ұлы кұрмет

Автор: Мухамбетова Ж.Ж., Ақтөбе қ. ҚҒӘО директор. Опубликовано в Директордың блогы

Ұстазға ұлы құрмет Жақында Ақтөбе қаласының білім бөлімінің қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының ұйымдастыруымен Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрының ғимаратында «Ұстаздар күні» мерекесіне арнап «Ұстазға ұлы құрмет!» атты салтанатты шара өткізді. Атты салтанатты шара өтті.

Мерейлі мерекеге қала әкімі Ерхан Омаров, қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова, сонымен қатар, білім ұйымдарының басшылары, ардагер ұстаздар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңашыл ұстаздар, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылды.

Мұғалім даңқы

Автор: Мухамбетова Ж.Ж., Ақтөбе қ. ҚҒӘО директор. Опубликовано в Директордың блогы

Мухамбетова Ж.Ж., Ақтөбе қ. ҚҒӘО директор Құрметті ұстаздар! Мектеп директорлары!

Сіздерді және Сіз басқарып отырған ұжымды «Ұстаздар күні» төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! «Ұстаз – ұлы есім». Қазіргідей тәуелсіз мемлекеттігімізді нығайтып, ертеңгі күнге жол салған жауапты кезеңде мұғалімдердің атқарып отырған қызметіне баға жетпейді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың білім саласына ерекше мән беріп, тікелей қамқорлығына алуы – сапалы білім мен білікті ұстаздың тәуелсіз еліміздің мемлекеттік даму саясатының өзегіне айналғанын көрсетеді. Ел болашағының тұтқасын нық ұстаушы, ертеңіне сеніммен қарайтын, Мәңгілік ел жастарын тәрбиелеу жолындағы ерен еңбектеріңізге өрлеу мен өсу, жарқын істеріңізге жаңашылдық, дендеріңізге саулық пен баянды ғұмыр тілейміз!

  • Сайт президента Республики Казахстан
  • Министерство образования и науки Республики Казахстан
  • Назарбаев Интеллектуальные школы
  • 10
  • Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу»
  • 11
  • Назарбаев Университет
  • Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования
  • 13
  • Республиканский учебно-оздоровительный центр «Балдаурен»
  • 12
  • 14
  • 16
  • 15
  • Университет Жубанова
  • Білімді ел - Образованная страна

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда