Отбасы тәрбиесі – қоғам негізінің бастауы

Автор: Ақтөбе қ. ҚҒӘО. Опубликовано в Класс жетекші

images Бала тәрбиесі-әрбір отбасы, қоғам, мемлекет үшін кезек күттірмейтін мәселе. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны ерекше. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, ұстазға, ата-анаға, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне, жүріс-тұрысына, сырт көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне байланысты. Тәрбие қонбайтын адам жоқ. Сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, ол әрине, ұстаз бен ата-ананың қолында деп айта аламыз. Бала тәрбиені өзін қоршаған ортадан алады десек, баланың қоғамдық-әлеуметтік дамуы, тәрбиеленуі мектеп пен жанұяда өз орнын алуынан басталады. Демек, бала тәрбиесі үшін мектеп пен отбасының бірігіп ықпал етуі маңызды рөл атқарады. Мектебімізде осы мәселе төңірегінде де біршама жұмыстар атқарылуда.

Соның бірі – қарашаның 29-30-ы күндері 1-10 кластарда «Отбасы тәрбиесі-қоғам негізінің бастауы» тақырыбында өткізілген ата-аналар жиналысы. Жиналыс әр класта түрлендірілген формада (дөңгелек үстел, пікірталас, т.б.) өткізілді.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда