Ең үздік класс жетекші - 2015

Автор: Ақтөбе қ. ҚҒӘО. Опубликовано в Класс жетекші

imagesҚазіргі заман балаларын тәрбиелеуде класс жетекшілердің атқаратын қызметі өте маңызды ролге ие болып отыр. Осыған орай, класс жетекшілердің кәсіби деңгейлері мен біліктілігін көтеру және олардың жұмыстарын бағалау мақсатында «№ 45 орта мектеп» ММ директорының бұйрығы негізінде «Үздік класс жетекші – 2015» байқауы ІІ кезеңнен ұйымдастырылып өткізілді. І кезеңге 13 класс жетекшілері портфолио тапсырып, оның 4-еуі ІІ кезеңге жолдама алды.

Бірінші кезеңде әр класс жетекші өз тәжірибесін, класпен жүргізген жұмысын жан-жақты жинақтап ұсынды. Портфолиосы жинақы, класс жетекшілік еңбегін, жұмысын нақты көрсете білген Смайлова А. (6 «А»), Сағиева Г. (4 «Ә»), Табанова М. (7 «Ә») және Қалдыбаева М. (2 «Ә») класс жетекшілері екінші кезеңде бақ сынады.

Үш кезеңнен тұратын байқау жеңімпазы Сағиева Гүлмира Исенбайқызы «Үздік класс жетекші – 2015» атағын иеленіп, Ақтөбе қаласы білім бөлімі, Қалалық ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтетін қалалық байқауға № 45 орта мектеп атынан қатысуға жолдама алды. Сәт сапар, Гүлмира Исенбайқызы!

Tags: конкурс классный руководитель № 45 орта мектеп Класс жетекші

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда