Білім беру жүйесін жаңғырту аясында қосымша білім беру ұйымдарының үлесі

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Қосымша білім

imagesЖаңа оқу жылына бастама берер «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ 3.0 – БІЛІМНІҢ ҮЛЕСІ»тақырыбындағы тамыз маслихаты аясында 2017 жылдың 22 – тамызы күні Қазанғап өнер мектебінде Қалалық ғылыми- әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Білім беру жүйесін жаңғырту аясында қосымша білім берудің үлесі» тақырыбындағы қосымша білім беру ұйымдарының директорларына және орынбасарларына арналған секция отырысы өтті.

Педагогикалық жұмыстар мақсаты: жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына сай іс-тәжірибелермен бөлісу, жаңа оқу жылындағы ерекшеліктерге тоқталу.

«Әсем ән мен тәтті күй»

Автор: Бердешова Ұ.С., МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы». Опубликовано в Қосымша білім

imagesМҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы» Музыка студиясының 2016-2017 оқу жылындағы «Әсем ән мен тәтті күй» атты I жарты жылдыққа есеп беру концертінің. 2017ж 15- қаңтар күні БЖШО –акт залында «Әсем ән мен тәтті күй» атты музыка студиясының домбыра, ән терме кластары мен қобыз, үш ішекті аспаптар, вокал үйірмелері бойынша ата-аналардың қатысуымен 2016-2017 оқу жылының I жарты жылдыққа есеп беру концерті өтті. Концерт ашылуы вокал үйірмесі Шүйінішбаев Ернұрдың «Ассалаумагалейкум» әнімен басталды.

Концертте вокал үйірме білім алушылары мен ән терме класы білім алушылары ән шырқаса, домбыра кластары мен қобыз, үш ішекті аспаптар үйірмелерінің білім алушылары күйлер мен ән шығармаларды тыңдаушыларына жеткізіп орындады.

«Алғыс айту күніне»

Автор: МҚКК «Қалалық техникалық шығармашылық орталығы». Опубликовано в Қосымша білім

imagesҚалалық техникалық шығармашылық орталығының «Алғыс айту күніне» арналған шаралардың өткізгені туралы Мәлімет.

1 наурыз 2017 ж.- Қалалық техникалық шығармашылық орталығында «Алғыс айту күніне» арналып келесі шаралар өткізілді:

  • ҚТШО үйірме қатысушыларымен «Алғыс айтамыз» акциясы өткізілді.
  • Роботтардың презентациясы көрсетілді.
  • Орталық қатысушыларының техникалық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылып өткізілді.

«Екі жұлдыз» сәулесін шашты

Автор: Ауесханова Г.А., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Қосымша білім

imagesҰлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында» тұңғыш рет облыстық «Екі жұлдыз» музыкалық конкурсы ұйымдастырылды. Конкурсқа облыстың және қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 8-10 класс оқушысы және бір пән мұғалімі қатысты. Конкурс талабы 3 түрлі характердегі ән айту болатын: мультфильмдерден ән, ретро ән, заманауи эстрадалық ән.

Конкурсқа Алға ауданы, Тамды ОМ, Мұғалжар ауданы, Қаракөл ауылы, А.Жұбанов ат.ОМ, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы «Құмсай орта мектебі» Ойыл ауданы, Қарасу негізгі мектебі, Хромтау ауданы Тассай ауылы, Темір ауданы, № 4 Шұбарқұдық ОМ «Тассай орта мектебі», № 16 ОМ, № 53 ОМ, М.Арын атын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі, ЖМ «Мемлекеттік емес білім мекемесі «Шаңырақ»оқу кешені, № 60 ЖББ, № 47 ЖББОМ, Благодар ОМ, № 3 ОМ, Ғ.Ақтаев атындағы № 6 ОМ, № 49 ЖОББМ. Барлығы - 16 дуэт (32 үміткер) бақтарын сынады.

Жастар - болашақ қуаты!

Автор: Копжасаров Б.У., МҚКК «Қалалық көркемсурет лицейі». Опубликовано в Қосымша білім

imagesШеврон компаниясының қолдауымен Астана қалалық Балалар көркемсурет мектебі «Болашақ Қазақстанның энергиясы» балалар шығармашылығының І Республикалық байқау-пленэріне Қалалық көркемсурет лицейінің атынан Астана қаласына 3 жеңімпаз аттанды. Олар - Өтетілеуова Диана, Гаврилюк Тамара және Жумашев Санжар. Байқауға қатыстқан 30 жұмыстың ішінен, 10 жұмыс іріктеліп Астанаға жіберілген болатын. Солардың ішінен финалға өткен үш жеңімпазымыз Астана қаласына шақырту алды.

Аты айтып тұрғандай, бұл сайыс «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына орай ұйымдастырылды. Сайыс балаларға қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу және өскелең ұрпақтың арасында бейнелеу өнерін насихаттап, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өтті.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда