«Әсем ән мен тәтті күй»

Автор: Бердешова Ұ.С., МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы». Опубликовано в Қосымша білім

imagesМҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы» Музыка студиясының 2016-2017 оқу жылындағы «Әсем ән мен тәтті күй» атты I жарты жылдыққа есеп беру концертінің. 2017ж 15- қаңтар күні БЖШО –акт залында «Әсем ән мен тәтті күй» атты музыка студиясының домбыра, ән терме кластары мен қобыз, үш ішекті аспаптар, вокал үйірмелері бойынша ата-аналардың қатысуымен 2016-2017 оқу жылының I жарты жылдыққа есеп беру концерті өтті. Концерт ашылуы вокал үйірмесі Шүйінішбаев Ернұрдың «Ассалаумагалейкум» әнімен басталды.

Концертте вокал үйірме білім алушылары мен ән терме класы білім алушылары ән шырқаса, домбыра кластары мен қобыз, үш ішекті аспаптар үйірмелерінің білім алушылары күйлер мен ән шығармаларды тыңдаушыларына жеткізіп орындады.

Бұл концертте домбыра ән терме кластары мен қобыз үш ішекті аспаптар вокал үйірмелерінің білім алушылары барлығы кем дегенде бір шығармадан орындап көрермендерді тәнті етті. Репертуарда халық күйлерінен бастап, Құрманғазы, Дәулеткерей күйшілеріміздің т.б. қазіргі заман күйшілеріміздің күйлері орындалды. Сонымен қатар шетел, қазақ композиторларының шығармалары фортепиано сүйемелдеуімен әдемі орындалды. Күйсандық аспабында сүйемелдеуші: Емелянова Вера Михайловна. Концерт бір жарым сағатқа созылды. Концерт соңы Жас-талап ансамблінің орындауындағы А.Райымбергеновтың «Секіртпе» күйімен аяқталды.

Концерт соңында «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы» музыка студиясының меңгерушісі Бердешова Ұлдай Сәменқызы сөз сөйледі. Ата-аналарға тілек микрофоны ұсынылып ата-ана-аналар алма кезек сөз сөйлеп өз ризашылықтарымен жылы лебіздерін білдіріп алғыстарын айтып тарасты.

Tags: Бердешова Ұ.С. Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда