Білім беру жүйесін жаңғырту аясында қосымша білім беру ұйымдарының үлесі

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Қосымша білім

imagesЖаңа оқу жылына бастама берер «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ 3.0 – БІЛІМНІҢ ҮЛЕСІ»тақырыбындағы тамыз маслихаты аясында 2017 жылдың 22 – тамызы күні Қазанғап өнер мектебінде Қалалық ғылыми- әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Білім беру жүйесін жаңғырту аясында қосымша білім берудің үлесі» тақырыбындағы қосымша білім беру ұйымдарының директорларына және орынбасарларына арналған секция отырысы өтті.

Педагогикалық жұмыстар мақсаты: жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына сай іс-тәжірибелермен бөлісу, жаңа оқу жылындағы ерекшеліктерге тоқталу.

TEDx форматында өткізілген секция жұмысын Қазанғап өнер мектебінің домырашыларынан құрылған ұжым ашып, ҚҒӘО директоры 2017-2018 оқу жылындағы жұмыстың ерекшеліктеріне тоқталды.

Орталық директорының орынбасары Ж.Д.Нургалиева қосымша білім беру ұйымдары бойынша жоғарі деңгейде өткізілген іс - шараларға тоқталып, өткен оқу жылына шолу жасап, мониторинг талқыланып және «2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» әдістемелік нұсқаухатты талдады. Қала әкімінің орынбасары Л.Уразбаева қатысым жасап, қала әкімі атынан бірнеше педагогтерді марапаттады. Қалалық жас туристер станциясы директоры Жасұлан Төремұратұлы Жанайдаров пен Жаңақоныс елді мекенінен ашылған Балалар шығармашылық үйі директоры Сәуле Мұхамбетқазықызы Жаксылыкова іс- тәжірибелерімен бөлісіп, шебер – кластар көрсетті.

50 педагог қатысым жасаған секция жұмысы Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің психологі Г.Советованың қатысушылармен кері байланыс туындайтын тренингтермен аяқталды.

Tags: Шалабаева Ж.Б. конференция

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда