Жастар - болашақ қуаты!

Автор: Копжасаров Б.У., МҚКК «Қалалық көркемсурет лицейі». Опубликовано в Қосымша білім

imagesШеврон компаниясының қолдауымен Астана қалалық Балалар көркемсурет мектебі «Болашақ Қазақстанның энергиясы» балалар шығармашылығының І Республикалық байқау-пленэріне Қалалық көркемсурет лицейінің атынан Астана қаласына 3 жеңімпаз аттанды. Олар - Өтетілеуова Диана, Гаврилюк Тамара және Жумашев Санжар. Байқауға қатыстқан 30 жұмыстың ішінен, 10 жұмыс іріктеліп Астанаға жіберілген болатын. Солардың ішінен финалға өткен үш жеңімпазымыз Астана қаласына шақырту алды.

Аты айтып тұрғандай, бұл сайыс «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына орай ұйымдастырылды. Сайыс балаларға қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу және өскелең ұрпақтың арасында бейнелеу өнерін насихаттап, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өтті.

imagesБайқаудың төрт күнінде 5-8 маусым аралығында, ЭКСПО-ның қарсаңында елорданы көруге, танымал суретшілермен кездесуге, әртүрлі шеберлік сыныптарына қатысуға мүмкіндік алған республиканың түкпір-түкіріпнен жиналған өнерлі 50 жас суретшілердің қуаныштарында шек жоқ. Айта кету керек, сурет конкурсы өткізілген уақытта «Болашақ Қазақстанның энергиясы» шығармашылық сайысының жеңімпаздары үшін бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, керамика және мүсіндеу өнерлері бойынша Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Баяндин Әбдіғали және Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері Камиль Муллашев есімді өнер майталмандарымен шеберлік сыныптары да өткізілді. Бұған қоса, балалар үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде экскурсиялар жүргізіліп, құнды ақпараттар алу мүмкіндігіне ие болды.

Көрмеге 12-16 жас аралығындағы еліміздің түкпір-түкпірінен сайысқа қатысқан оқушылардың ең үздік 100-ден астам жұмысы қойылды. Байқауға республика бойынша 17 көркемөнер ұйымдарының шәкірттері мен Астана қалалық балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Сайысқа түскен жұмыстарға Суретшілер одағы, өнер қайраткерлері және ҚР еңбегі сіңген суретшілерден құралған кәсіби қазылар алқасы төрелік етті.

Естелікке толы керемет конкурстың нәтижесінде 12-14 жас аралығы бойынша бас жүлдені лицейіміздің оқушысы Ақтөбелік Диана Өтетілеуова жеңіске жетті.

Tags: Копжасаров Б.У. Қалалық көркемсурет лицейі

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда