«Екі жұлдыз» сәулесін шашты

Автор: Ауесханова Г.А., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Қосымша білім

imagesҰлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында» тұңғыш рет облыстық «Екі жұлдыз» музыкалық конкурсы ұйымдастырылды. Конкурсқа облыстың және қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 8-10 класс оқушысы және бір пән мұғалімі қатысты. Конкурс талабы 3 түрлі характердегі ән айту болатын: мультфильмдерден ән, ретро ән, заманауи эстрадалық ән.

Конкурсқа Алға ауданы, Тамды ОМ, Мұғалжар ауданы, Қаракөл ауылы, А.Жұбанов ат.ОМ, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы «Құмсай орта мектебі» Ойыл ауданы, Қарасу негізгі мектебі, Хромтау ауданы Тассай ауылы, Темір ауданы, № 4 Шұбарқұдық ОМ «Тассай орта мектебі», № 16 ОМ, № 53 ОМ, М.Арын атын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі, ЖМ «Мемлекеттік емес білім мекемесі «Шаңырақ»оқу кешені, № 60 ЖББ, № 47 ЖББОМ, Благодар ОМ, № 3 ОМ, Ғ.Ақтаев атындағы № 6 ОМ, № 49 ЖОББМ. Барлығы - 16 дуэт (32 үміткер) бақтарын сынады.

Әр дуэт өзіне ат таңдап алып, орындайтын әндеріне байланысты костюм, реквизиттер дайындаған. Қазылар алқасы міндетін атқаруға А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің «Ән» бөлімінің оқытушысы- Таубеков Қиындаш Елемесович, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қызметкері, Халықаралық «Урал собирает друзей» конкурсының лауреаты Сейілханова Дана Хамитовна, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі «Адаханова Алма Мухтаровна шақыртылды.

Конкурсты «Жалын» үйірмесінің талантты білім алушысы Төремұратова Гүлназ және «Маска» үйірмесінің білім алушысы Лямцева Евгения жоғары деңгейде жүргізді. Жүргізушілер де әр турға байланысты киімдерін ауыстырып отырды, үміткерлер мен көрермендерің көңілін көтеріп отырды.

Конкурсқа жоғары дайындықпен келген «Сопрано» дуэті (ЖМ «Мемлекеттік емес білім мекемесі «Шаңырақ»оқу кешені) қазылар алқасының және көрермендердің көзіне бірден түсті. Әртістігімен, орындау шеберлігімен алға озып шыққан «Дос» дуэті болды, «Мультфильмнен ән номинациясында «Непара» дуэті «Дуэт короля и принцессы» әнін айтып, ерекше өнер көрсетті. «Ламбада »әнін жүректерімен айтқандары соншалық, барлық көрермен тұрып қошемет көрсетті.

Конкурс барысында Қызыл телпек, Қасқыр, Фиксиктер- Симка мен Нолик сынды мультфильм кейіпкерлері («Жалын», «Маска» үйірмесінің білім алушылары) келіп көрермендермен көпшілік ойындар өткізіп, флеш моб билетті.

Қалалық «Екі жұлдыз» музыкалық конкурсының жеңімпаздары болып:

  • ГРАН ПРИ – «Сопрано» дуэті (ЖМ «Мемлекеттік емес білім мекемесі «Шаңырақ»оқу кешені)
  • І орын – «Дос» дуэті № 60 ОМ ІІ орын – «Непара» дуэті № 3 ОМ
  • ІІ орын – «Ай-жұлдыз» дуэті № 47 ЖББОМ
  • ІІІ орын – «Бойтұмар» дуэті Мұғалжар ауданы, Қаракөл. А.Жұбанов атындағы ОМ
  • ІІІ орын – «Шамшырақ» дуэті Благодар ОМ
  • ІІІ орын – «Әдемі» дуэті Ғ.Ақтаев атындағы № 6 ОМ

«Үйлесімді дауыс» номинациясы бойынша № 16 ОМ
«Актерлік шеберлігі жоғары» номинациясы бойынша «Алға ауданы, Тамды ОМ
«Ең сүйкімді жұп» -№ 53 ОМ «Сахналық түр, имидж» номинациясы бойынша – М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі»
«Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы «Құмсай орта мектебі»
«Шығармашылық қиял мен ерекше қойылым» номинациясы бойынша «Ойыл ауданы, Қарасу орта мектебі»
«Үздік заманауи ән» номинациясы бойынша № 49 ЖОББМ
«Жеңіске деген ұмтылысы үшін» номинациясы бойынша «Войс» дуэті
«Жұлдызды дуэт» номинациясы бойынша Темір ауданы № 4 Шұбарқұдық ОМ Ақтөбе облысының білім басқармасының дипломдарымен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Tags: Наурыз Ауесханова Г.А. Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда