Қалалық олимпиаданың ғылым негіздеріндегі жабылуы

Автор: Шалабаева Ж.Б, ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мектептер

Қалалық олимпиаданың ғылым негіздеріндегі жабылуы Тәуелсіздіктің 26 жылдық мерекесі қарсаңында бүгін, 2017 жылдың 13 желтоқсаны күні Шығармашылық академиясы базасында сағат 15-00-де ғылым негіздері бойынша химиялық теңдеулердің және есептердің шешімін іздеп, қазақ және орыс тілдерінде шығарма жазып, тестілік тапсырмалар мен географиялық картамен жұмыс жасап, ағылшын тілінде сұрақтарға жауап беріп, диалог құра білген шығармашыл, ізденімпаз балалар додасының қалалық олимпиаданың салтанатты жабылуы өтті.

Салтанатты жабылуға Ақтөбе қаласы әкімінің аппарат басшысы Кунтуов Нурлан Жеткергенұлы қатысым жасады. Білім бөлімінің басшысы И.И. Бексұлтанова олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеткен жетістігімен құттықтап, оқуда табыс тіледі. Олимпиада өткізу барысында Ақтөбе қаласының ата-аналар қоғамдастығы да тыс қалмады.

Инновациялық технологиялары педагогтың кәсіби өсуіндегі рөлі

Автор: Садықова А.С., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мектептер

Инновациялық технологиялары педагогтың кәсіби өсуіндегі рөлі Қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен 2017 жылдың 30 қарашасында № 10 орта мектебінде қала мектептерінің жаратылыстану пәні мұғалімдеріне арналған «Инновациялық білім беру технологиялары педагогтың кәсіби өсуіндегі рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

30-дан аса келген химия, биология және география пәні мұғалімдері өзара тәжірибе алмаса отырып, өз ойларын ортаға салды. Қазіргі таңда білім саласында өзекті орын алып отырған жаңартылға білім мазмұны негізінде тың жаңалықтар көрсетіліп, дөңгелек үстел коучингпен жалғасты. Келген мұғалімдер өз қоржындарына қажетті мәліметтерді ала отырып, жақсы көңіл-күймен тарасты.

Создание условий для детей с особыми потребностями

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мектептер

Семинар в сш № 25 Городской научно-методический центр организовал на базе средней школы № 25 семинар «Создание оптимальных условий для воспитания и обучения детей с особыми потребностями». Цель семинара – определение эффективного педагогического инструментария по созданию оптимальных психолого-педагогических условий для воспитания и обучения детей с особыми потребностями.

Учителя получили возможность в интерактивной форме обсудить особенности реализации инклюзивного образования, отличия интегрированного обучения и воспитания, пополнили методическую копилку упражнениями по формированию толерантного отношения к лицам с особыми образовательными потребностями.

Мәңгілік елдің кемеңгері - Ұстаз

Автор: Нургалиева Ж.Д., ҚҒӘО ӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мектептер

images2017 жылдың 2-5 қазаны күндері Ақтөбе қаласы мектептерінің 4 – класс оқушылары арасында «Мәңгілік елдің кемеңгері — Ұстаз» атты қалалық эссе байқауы өткізілді.

Мақсат: барлық оқушылардың алғашқы ұстаздарын ұмытпай, ұстазға деген құрметтері мен сүйіспеншілігін көрсете білу. Ұстаздарды ұлықтау. Қаладағы 76 мектептен 52 қазақ тілінде, 16 орыс тілінде білім алатын, барлығы 68 жұмыс қатысты. Барлық жұмысты саралап, қазылар алқасы да екі күн жұмыстанып, үздіктердің үздігі анықталды.

Нәтижесінде, Бас жүлдені қазақ тілінде білім беретін № 33 ОМ (Қартпаев Бекзат) пен орыс тілінде білім беретін № 25 ОМ (Бакуменко Дарья) жеңіп алды.

Модернизация Казахстана 3.0 — вклад образования

Автор: Кульжанова Р.Ж., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мектептер

images21 августа на базе Средней школы № 56 состоялась секционная работа школьных психологов на тему «Модернизация Казахстана 3.0 — вклад образования».

Конференцию открыла методист ГНМЦ Кульжанова Р. Ж. В ходе работы секции были обсуждены актуальные вопросы современного образования.

С докладами выступили психолог Средней школы № 55 Айдарова А. Н., психолог СШГ № 17 Хаванская Е. С., психолог СШ № 4 Жакибаева А. Р., психолог СШ № 3 Топильская О. А., психолог Д/С № 12 «Інжугүл» Жолмаханова Ж. О., психолог СШ № 5 Шманова Д. Т. и психолог СШ № 4 Абдрахманова Г. Б.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда