«Қалдырған ізің мәңгілік...»

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мектептер

images2017 жылдың 8 қаңтар жексенбі күні № 33 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Ақтөбе қаласы білім бөлімінің бастамасымен «Әділет» пікірталас орталығының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлына арналған «Қалдырған ізің мәңгілік...» атты мектеп оқушылары арасындағы қалалық пікірсайыс турнирі өткізілді.

Пікірсайыс турнирінің мақсаты - жастардың бойында патриоттық және азаматтық қасиеттерді дамыту, құқықтық ақпараттық сауаттылығын арттыру, Ақтөбе қаласында жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының ерлігін насихаттау, асқақтату.

imagesАталған турнир екі лигада болады: 1 лига – «Арландар» лигасы, бұған пікірсайыс турнирлеріне қатысқандарына 2 айдан жоғары тәжірибелі пікірсайысшылар қатысса, 2 лига – «Қырандар» лигасы, бұған пікірсайыс ойындарына 2 айдан аспай қатысқан жас буын пікірсайысшылары қатысып, барлығы 24 фракция ойнады. Сонымен қатар, турнирге төрешілікті Ақтөбе қалалық ғылыми-тәжірибелік орталығының арнайы оқыту курсынан өткен ұстаздар тобы мен «Ритор» зияткер пікірталас орталығы студенттері жасады. Турнир 3 іріктеу ойынан, 1/8, ¼, ½ және финал ойын кезеңдері бойынша өткізілді.

Турнир қорытындысы бойынша нәтиже:

Арландар лигасы:
imagesІ – орын: «Феномен» фракциясы - Ақтөбе қаласы білім бөлімінің көшпелі «Чемпиондар кубогі» иегерлері – Есенов Темірлан - №55 жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы, Тобаниязова Амангул – М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің оқушысы;
ІІ – орын: «»Блок Б» фракциясы – Шынтас Исламбек, Алмасқызы Айжүрек - №33орта мектеп оқушылары;
ІІІ – орын: «Бұл әлемнің алтыны қыздары» фракциясы – Мажит Назерке -№56 жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы, Ахабаева Анар – Пригород орта мектебінің оқушысы;
«Үздік спикер» - Ахабаева Анар – Пригород орта мектебінің оқушысы;
«Үздік төреші» - Сарин Еркін - Ритор» зияткер пікірталас орталығының спикері.

Қырандар лигасы:
imagesІ – орын: «Қазақ балалары» фракциясы - №33 жалпы орта білім беретін мектеп директорының «Бауыржан Момышұлы» атындағы кубок иегері – Сақи Сұлтан, Кенетаев Алмат - №55 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары;
ІІ – орын: «Әділет» фракциясы -Абдуалиева Перизат, Абдуалиева Аружан - №55 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары;
ІІІ – орын: «Новелло» фракциясы – Нұрлы Аружан, Тайпақова Аружан - №33орта мектеп оқушылары;
«Үздік спикер» - Бітімбай Исламбек - №46 орта мектеп оқушысы;
«Үздік төреші» - Катарбаева Жанар - №23 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.

Пікірсайыс турнирі өте нәтижелі өтіп, қатысушылар сертификаттармен, әділқазы ұстаздар Алғыс хаттармен марапаталып, көптеген жаңа қатысушы пікірсайысшы оқушыларына кеңінен бағыт беріп, қызықты, сапалы, жоғары деңгейде өткізілді.

Tags: Шалабаева Ж.Б. № 33 орта мектеп турнир

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда