Шығармашылықтан – шеберлікке бастаған құтты қадам

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мектептер

images2017 жылдың 18 қаңтары күні № 41 жалпы білім беретін орта мектебінде мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Серікбаева Жұмажан Базарбекқызының «Шығармашылықтан – шеберлікке бастаған құтты қадам» атты шығармашылық кеші өтті. Шығармашылық кешке ҚҒӘО директорының орынбасары Шалабаева Ж.Б және қала мектептерінен 13 мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешілері қатысты.

Сонымен қатар Жұмажан Базарбекқызының алғашқы әріптестері, шәкірттері, әріптес достары келді. Кеш «Дара жол» бағдарламасының негізінде өткізілді. Кеш барысында келген қонақтар «Жансыз табиғаттың пайдасы қандай?» тақырыбында жаратылыстану пәнінен ашық сабақ, «Ғажайып бақ» атты драмалық қойылым, шәкірттерінің «Біз болашақты жырлаймыз» тақырыбында музыкалық сәлемдемесін тамашалады.

Сабақ барысында топтық жұмыс, топтық танысытырылым, тәжірибе жасау, жоба қорғау секілді оқытудың жаңа әдіс – тәсілдері қолданылды. Кеш соңында Жұмажан Базарбекқызы әріптестері, ұжымы, мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленді. Кеш өте тартымды, қызықты, әсерлі өтті.

Tags: Шалабаева Ж.Б. № 41 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда