Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мектептер

images2017 жылдың қаңтар айының 25 күні «Өрлеу» БАҰО АҚ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» және Ақтөбе қалалық ғылыми – әдістемелік орталығымен бірлескен Ақтөбе қаласындағы № 41 жалпы білім беретін орта мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға 25 мұғалім қатысты.

Семинар мақсаты – жаңартылған бағдарламаның ғылыми-әдістемелік негіздерін зерделеу, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, педагогтардың кәсіби құзырлылық деңгейін жетілдіру. Семинар барысында жаратылыстану пәнінен Оспағанбетова А.С, Сафина В.Н, математика пәнінен Сарсенова Г.А, дене шынықтыру пәнінен Божыбаева А.К жаңартылған бағдарлама талаптарына сай тиімді сабақты жоспарлау тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасын меңгерген мұғалімдердің шығармашылық тобын ұйымдастыру, жүйелік - әдістемелік порталға материал жүктеу, бағалау және рубрика туралы жаңартылған мазмұн жағдайында білім сапасын арттырудың басым бағыттары қозғалды.

Tags: Шалабаева Ж.Б. № 41 орта мектеп семинар

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда