Оқушылардың функционалдық сауаттылығын аттырудың тиімді жолдары

Автор: Ескалиева Г.Т., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мектептер

images2017 жылғы 15 наурызы күні Новый орта мектебінде Ақтөбе қалалық білім бөліміне қарасты мектептердің математика, физика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын аттырудың тиімді жолдары» тақырыбындағы семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Өзгермелі заман талабына сай білім беру мазмұнын жаңарту аясында сабақта оқытудың интербелсенді әдіс тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың жаратылыстану математикалық сауаттылығын арттыру.

Семинар жұмысына қатысушыларға мектеп оқушылары мектеп ішін, мұражай мен гүлзар, Тірі табиғат бұрышын таныстырды. Семинар жұмысын директордың орынбасары А.Абжалелова ашып, семинар бағдарламасымен таныстырды. Мектеп психологтары Ф.Наротов, Ғ. Дауылбаева семинарды «Жылы жүректен – жақсы тілек » психологиялық тренингін жүргізді.

Семинар жоспарына сәйкес «Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11 класс оқушыларын қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындық сабағын» физика пәні мұғалімі М.Турганбаева мен математика пәні мұғалімі Ш.Бармашева өткізді. Семинар жұмысын ашық сабақтармен 10 «ә» класында «Функцияны туынды көмегімен зерттеу және графигін салу» тақырыбында математика пәні мұғалімі Г.Бекетова және 6 «в» класында «Функцияның кестемен берілуі» тақырыбында математика пәні мұғалімі А.Бирманова жалғастырды. Информатика пәнінен «Сабақта онлайн ресурстарын тиімді пайдалану мүмкіндігі» А.Исмагамбетова, А.Малайдарова, «Жобалық жұмысының маңызы» М.Турганбаева, «Оқыту қорытындыларының өлшеуіштерін әзірлеу әдістемесі» Ш.Бармашева тренингтерімен таныстырды. Семинар соңында мектеп психологтары Арт-терапия өткізді.

Семинарға қатысушылар осы семинар бойынша көптеген жақсы лебіздерін білдірді. Осындай семинардың маңыздылығы, заманауи технологияны қолданудың қажеттілігі туралы жақсы пікірлерін танытты. Семинардың кезеңдері бір-бірімен байланысты, қызықты материалдар мен әдіс-тәсілдер, жан-жақты ұйымдастырылды – деген пікірлер болды. Қатысқан қала мектептерінің мұғалімдері ұйымдастырылған семинар мақсатына жеткендігін айтып қорытындылады.

Tags: семинар Ескалиева Г.Т. ҰБТ Новый орта мектеп Мектептер

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда