Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі-қала мектептеріндегі іс-тәжірибеден

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мектептер

images2017 жылдың 29-наурызы күні ҚҒӘО-тың жоспарына сәйкес № 36 орта мектептің базасында ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығымен» тринерлерімен бірлескен жалпы білім беретін мектептердің мектеп үйлестірушілеріне арналған есеп беру, талдау отырысы өтті. Отырыста № 36 ОМ – С. Калназарова, № 53 ОМ – Н. Бозғали және А. Исабекова – Благодар орта мектептерінің үйлестірушілері көрсетілім талдауларымен бөлісті. Жұмыс барысында ПШО директоры Т. Акимова бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары, бағалаудың жаңа жүйесіне тағы да бір тоқталып, үйлестірушілердің пікірлеріне, ұсыныстарына жауап берді.

Сондай – ақ өңірлік үйлестіруші Ж. Шалабаеваның есебі тыңдалып, тринерлер: Зауре Турегалиевна, Алма Есенжоловна және Ақмарал Дуйсенгалиевналар мен мектеп үйлестірушілері (тыңдаушылары) арасында талдама жұмыс пен кері байланыс жасалды. Отырыс соңында № 18 ОМ үйлестірушісі – Р.Исмагулова «Идеялар кемесі» атты педагогикалық тренингпен қорытындылады.

Барлық мектеп үйлестірушілері ІІІ тоқсан бойынша жүргізген жиынтық бағалау жұмыстарын өткізу тұрғысында өз білім, білік, дағдыларын тағы да бір жаңғыртып, ризашылықпен тарасты.

Tags: Шалабаева Ж.Б. № 36 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда