Жаңа білімге заманауи көзқарас

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мектептер

images2017 жылдың 14 сәуірі күні № 10 орта мектеп базасында деңгейлік бағдарлама бойынша басқарушылық курстарынан өткен мектеп директорлары мен жас мектеп директорларына және деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен педагогтерге арналған «ЖАҢА БІЛІМГЕ ЗАМАНУИ КӨЗҚАРАС» тақырыбындағы ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ Ақтөбе қаласындағы филиалымен бірлескен Қалалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция ашылуында ҚҒӘО директоры Ж. Ж. Мухамбетова «Білім беру мазмұнын жаңарту-уақыт талабы» екеніне тоқтала кетті. Ал, пленарлық мәжілісте Ақтөбе қаласы педагогикалық шеберлік орталығы директоры Т. А. Акимова «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағыт» тақырыбындағы баяндамасымен бөлісті.

Сонымен қоса, екі секция жұмыс жасап, І СЕКЦИЯ – Мектеп мұғалімдер секциясы «Жаңа білім беру мазмұны – нәтижеге бағытталған білім беру» тақырыбында, ІІ СЕКЦИЯ - Мектеп директорлар секциясы «Оқытуды басқару және көшбасшылық» тақырыптарын өрбітті. Мектеп директорлары секция отырысы барысында Ақтөбе қаласы педагогикалық шеберлік орталығының тренері С. А. Елеуова «Оқытуға жаңаша көзқарас» тақырыбында коучинг өткізіп, жұмысымызды жандандыра түсті.

Конференцияда «Кретериалды бағалау жүйесінің тиімділігі-қала мектептеріндегі тәжірибе», «Оқу мен оқытуды жаңарту», «Заманауи білім берудің ерекшеліктері», «Басқару және көшбасшылық» тақырыптары кеңінен талқыланып, желілік қоғамдастықтар жұмыстары да аталып, талданып өтті. Жетекші мектептердің педагогтері өз іс – тәжірибелерімен бөлісіп, ой – пікірлерін ортаға салды. ПШО тринерлері тарапынан әдістемелік көмектер көрсетіліп, конференция нәтижелі аяқалды.

Tags: Шалабаева Ж.Б. № 10 орта мектеп конференция

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда