Білім беру жүйесін жаңғырту: алғашқы нәтижелер және болашақ

Автор: Нургалиева Ж.Д., ҚҒӘО ӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мектептер

imagesЖаңа оқу жылына бастама берер «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ 3.0 — БІЛІМНІҢ ҮЛЕСІ»тақырыбындағы тамыз маслихаты аясында 2017 жылдың 22–тамызы күні Новый орта мектебінде Қалалық ғылыми- әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Білім беру жүйесін жаңғырту: алғашқы нәтижелер және болашақ»тақырыбындағы директордың бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасарларына арналған және 1-класс мұғалімдеріне арналған педагогикалық аукцион өтті.

Педагогикалық жұмыстар мақсаты: жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасын енгізу бойынша апробация жүргізілген мектептердің іс-тәжірибесімен бөлісу, алғашқы нәтижелерді талқылау, жүзеге асыру жолдарын көрсету, бағалаудың жаңа жүйесін талдау.

TEDx форматында және аукцион түрінде өткізілген секция жұмыстарын Новый орта мектебінің бүлдіршіндер базарлығымен ашылып, Новый орта мектеп директоры А.М. Кисикова пилоттық жұмыстың ерекшеліктеріне тоқталды.

Орталық директорының орынбасары Ж.Б. Шалабаева қала мектептері бойынша алғашқы нәтижелерге тоқталып, өткен оқу жылына шолу жасап, мониторинг талқыланып, бастауыш сатының жаңа бағдарлама аясындағы жаңашылдығы және «2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» әдістемелік нұсқаухатты талдау мен қала бойынша 1-сынып алатын педагогтар туралы мәліметтерді айта келе, мектепке дейінгі ұйым, мектепалды даярлық сыныптары мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық жұмысына көп көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды. № 22 ОМ пен Благодар ОМ орынбасарларымен құрылған жаңа өзекті бағдарламаның презентациясы жасалды, қала мектептерінде жұмыс жасайтын ПШО тринерлері А. Жубангарина мен А. Уразбаева сөз алып, бағдарлама мазмұны мен 2017–2018 оқу жылындағы критериалды бағалаудың ерекшеліктеріне тоқталса, № 21, 32, 28, 3, Благодар мектептерінің 2 класс мұғалімдері тәжірибе алмасу аукционын өткізді.

Директордың орынбасарларымен Новый ОМ директордың орынбасары Г.Бисенова және № 9 ОМГ директордың орынбасары орнына М. Абылхатова алғашқы қорытындыларға тоқталып, экспериментатор мұғалімдер Ж.Б. Хабибуллина, Г.Н. Бисенова, А.Б. Сармантаева, Д.М. Қыстаубаева, М.Ш. Қожабек, Т. Есеева, Т.Н. Мирук , О.А. Штукина, Г. Даримбетова кезек берді.

280 педагог қатысым жасаған секция жұмысы соңында Новый орта мектептің экспериментке қатысқан мұғалімдердің сабақтарынан үзінділер мен жеткен жетістіктер талқыланды. Қатысушылармен кері байланыс туындайтын тренингтермен аяқталды.

Tags: Шалабаева Ж.Б. Новый орта мектеп Нургалиева Ж.Д. конференция

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда