Білім беру жүйесін жаңғырту: алғашқы нәтижелер және болашақ

Автор: Нургалиева Ж.Д., ҚҒӘО ӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мектептер

imagesЖаңа оқу жылына бастама берер «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ 3.0 — БІЛІМНІҢ ҮЛЕСІ»тақырыбындағы тамыз маслихаты аясында 2017 жылдың 22–тамызы күні Новый орта мектебінде Қалалық ғылыми- әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Білім беру жүйесін жаңғырту: алғашқы нәтижелер және болашақ»тақырыбындағы директордың бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасарларына арналған және 1-класс мұғалімдеріне арналған педагогикалық аукцион өтті.

Педагогикалық жұмыстар мақсаты: жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасын енгізу бойынша апробация жүргізілген мектептердің іс-тәжірибесімен бөлісу, алғашқы нәтижелерді талқылау, жүзеге асыру жолдарын көрсету, бағалаудың жаңа жүйесін талдау.

Жаңа білімге заманауи көзқарас

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мектептер

images2017 жылдың 14 сәуірі күні № 10 орта мектеп базасында деңгейлік бағдарлама бойынша басқарушылық курстарынан өткен мектеп директорлары мен жас мектеп директорларына және деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен педагогтерге арналған «ЖАҢА БІЛІМГЕ ЗАМАНУИ КӨЗҚАРАС» тақырыбындағы ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ Ақтөбе қаласындағы филиалымен бірлескен Қалалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция ашылуында ҚҒӘО директоры Ж. Ж. Мухамбетова «Білім беру мазмұнын жаңарту-уақыт талабы» екеніне тоқтала кетті. Ал, пленарлық мәжілісте Ақтөбе қаласы педагогикалық шеберлік орталығы директоры Т. А. Акимова «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағыт» тақырыбындағы баяндамасымен бөлісті.

«Сәтті шыққан 45 минут»

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мектептер

«Сәтті шыққан 45 минут» байқауы Қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың жоспарына сай 2017 жылдың 29-30 наурызы аралығында өткізілді. Байқау жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында жұмыстанған барлық 1 – класс мұғалімдеріне арналып өткізілген болатын. Байқауға қатысуға ниет білдірген әр мұғалім өздерінің үздік жұмыстарын тапсыру арқылы қатысым жасады. Биылғы жылы байқауға 67 –тен аса жұмыс түсті. Ережеге сәйкес келмейтін жұмыстардың да болғаны анықталды. Ондай жұмыстар байқауға қатыстырылмады.

Современные подходы в обучении на уроках математики

Автор: Ескалиева Г.Т., методист ГНМЦ. Опубликовано в Мектептер

imagesПо плану городского научно-методического Центра г.Актобе 10 марта в средней школе № 26 прошел городской семинар для молодых учителей математики «Современные подходы в обучении на уроках математики».

В ходе семинара методистом ГНМЦ Ескалиевой Г.Т. был зачитан доклад "Как провести урок интересно и увлекательно", далее руководитель "Школы молодого математика" Строганова Е.С. и учитель Талавирова О.С. провели коучинг "Современный урок это...".

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі-қала мектептеріндегі іс-тәжірибеден

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мектептер

images2017 жылдың 29-наурызы күні ҚҒӘО-тың жоспарына сәйкес № 36 орта мектептің базасында ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығымен» тринерлерімен бірлескен жалпы білім беретін мектептердің мектеп үйлестірушілеріне арналған есеп беру, талдау отырысы өтті. Отырыста № 36 ОМ – С. Калназарова, № 53 ОМ – Н. Бозғали және А. Исабекова – Благодар орта мектептерінің үйлестірушілері көрсетілім талдауларымен бөлісті. Жұмыс барысында ПШО директоры Т. Акимова бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары, бағалаудың жаңа жүйесіне тағы да бір тоқталып, үйлестірушілердің пікірлеріне, ұсыныстарына жауап берді.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда