«Бастау» республикалық математикалық турнирі

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Жаңалықтар

Оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білімін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына ықпал ету – мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Математиканы оқыту арқылы мұғалімдер оқушыларды мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге, танымын жан – жақты етуге жол ашады. Математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш класс оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету мақсатында өткізілген «Бастау» республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңі № 56 орта мектеп базасында өткізілді. Турнирге барлығы 73 құрама команда қатысты.

Турнирдің мақсаты қала мектептерінің 2-4 класс оқушылары арасынан логикалық ойлау қабілеті жоғары құрама командаларды іріктеу болды. Құрама командалардың мүшелері «Логика», «Ребус», «Есеп түрлері» блоктарының әрқайсысынан 6 тапсырма және қосымша 4 тапсырма, барлығы 20 тапсырма орындады.

Нәтижесінде, Бас жүлдені – № 32 ОМГ (қазақ тобы), № 28 ОМ (орыс тобы); І орынды – № 15 ОМ, № 39 ОМ, № 56 ОМ, № 9 ОМГ; ІІ орынды – № 40 ОМ, № 50 ОМ, № 5 ОМ, № 51 Г; ІІІ орынды – № 26 ОМ, № 3 ОМ, № 6 ОМ, № 42 ОМ жеңіп алды.

Мектептердің арасында математика пәнінен берілген логикалық тапсырмаларды орындау барысында белсенділігімен танылғаны үшін ҚҒӘО–тың «Алғыс хатымен» Ақшат БМ, Новый ОМ, № 23 ОМЛ, № 11 ОМГ, № 25 ОМ, № 19 ОМ, № 29 ОМ, № 47 ОМ, № 33 ОМ, № 46 ОМ, № 49 ОМ марапатталды.

Құрама топ мүшелері мектеп ішінен жеке–жеке марапатталсын! Жеңістеріңіз құтты болсын!

Tags: Шалабаева Ж.Б. № 56 орта мектеп бастауыш класс Мектептер математика

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда