«Біздің қолымыздан бәрі де келеді!»

Автор: Ауесханова Г.А., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Жаңалықтар

imagesҰйымдастырушылар: Ақтөбе облысының білім басқармасы, МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы». Фестиваль-конкурстың мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың халықтық шығармашылыққа қызығушылығын дамыту; дарынды балаларды іздеу және шығармашылық белсенділігін ынталандыру.

Фестиваль-конкурстың міндеттері: мүмкіндігі шектеулі балалар ішінен дарынды балаларды анықтау; мүмкіндігі шектеулі балалардың әр түрлі жанрда шығармашылық потенциялын ашу; мүмкіндігі шектеулі балалардың зияткерлік деңгейін және көзқарасын кеңейту, шығармашылық белсенділігін ынталандыру.

Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларынан 90 оқушы, Ақтөбе облысы аудандары мектептерінің оқушыларынан 26 оқушы. Жалпы 116 оқушы белсене қатысты. Қатысушылардың өздерін жан-жақты көрсете білулері және вокал,хореография,сән театры, бейнелеу және сәндік қолданбалы өнері, көркем сөз шеберліктері бағаланды.

Фестиваль –конкурс төмендегі номинациялар бойынша өткізілді: «Вокал», «Хореография», «Сән театры», «Бейнелеу және сәндік –қолданбалы өнері», «Көркем сөз».

Фестиваль-конкурстың жеңімпаздары Ақтөбе облысының білім басқармасының Бас жүлде, 1, 2, 3 орын мадақтама, алғыс хаттарымен және барлық қатысушылар МҚКК «БЖШО»-ның грамоталарымен марапатталды.

Орындарын атап өтсек, «Вокал» номинациясы бойынша Бас жүлдені арнайы № 7 (түзету) мектебінің оқушысы Жанатов Нұржан иеленді.
«Вокал» 7-9 жас аралығы бойынша
1 – орын - Жайшылықова Бегімсұлу, Шалқар қаласы № 4 ОМ
2 – орын – Дайын Жанерке , Ақтөбе ОМ
3 – орын – Хаббасов Нұрислам, Пригород ОМ
«Вокал» 10-12 жас аралығы бойынша
1 – орын – Серікбаева Инабат , № 49 ЖОББМ
2 – орын – Бақдәулет Саяжан , № 13 Новый ОМ
3 – орын – Жәдігерұлы Ермек, Ғайсаұлы Мұхамедәмин –дуэт, арнайы № 7 (түзету) мектебі

«Хореография» номинациясы бойынша Бас жүлдені арнайы № 7 (түзету) мектебінің оқушысы Надиршина Гүлназ иеленді.
1 – орын – Каражанова Амина , № 16 ОМ
2 – орын – Оңғарғали Алина , Алға ауданы, Новоукраин негізгі мектебі
3 – орын – Сағындықова Сәруәр , арнайы № 7 (түзету) мектебі

«Көркем сөз» номинациясы бойынша Бас жүлдені № 15 ОМ оқушысы Оспанова Меруерт иеленді.
«Көркем сөз» 7-9 жас аралығы бойынша:
1 – орын – Жайшылықова Бегімсұлу, Шалқар қаласы, № 4 ОМ
2 – орын – Насыров Артем , № 16 ОМ 3 – орын – Сағынтаева Жайнагүл , Шалқар ауданы, М.Тәжин атындағы ОМ
«Көркем сөз» 10-12 жас аралығы бойынша: 
1 – орын – Ермеков Ақжол , Сазды ОМ
2 – орын – Ержанова Айша , № 53 ОМ
3 – орын – Ишутин Севастьян , № 29 ОМ иеленіп сыйлықтарға, дипломдарға ие болды.

«Сән театры» номинациясы бойынша
1 – орын – Батырбекова Альмира , № 19 ОМ
2 – орын – Абибуллаева Перизат , Сазды ОМ

imagesЖеңімпаздар және барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» КБ мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлыққа 100 000 теңге көлемінде көмек берді, «Халық банк» АҚ балаларға ойыншық және шағын қаржылай көмек көрсетті. Қатысушы балалар, ата-аналар және жетекшілері өте разы болып тарасты.

Ақпаратты жазған: Ибраева Асемгуль Сагиновна – «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» әдіскері, Рахматов Нұрберген Сәтжанұлы – «Бейнелеу өнері» бөлімінің бөлім меңгерушісі.

Tags: Ауесханова Г.А. конкурс фестиваль Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда