Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің бәсекеге қабілеттілігін және кәсіби құзыреттілігін дамыту

Автор: Нургалиева Ж.Д., ҚҒӘО ӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Жаңалықтар

images«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ 3.0 – БІЛІМНІҢ ҮЛЕСІ»тақырыбындағы тамыз кеңесі аясында 2017 жылдың 23 – тамызы күні № 60 орта мектебінде Қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің бәсекеге қабілеттілігін және кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы мектеп директорларға арналған инновациялық алаң өтті.

Педагогикалық жұмыстың мақсаты: жаңартылған мазмұндағы орта білім беру бағдарламасын енгізу бойынша ерекшеліктерге тоқталу, іс-тәжірибесімен бөлісу, жүзеге асыру жолдарын көрсету, бағалаудың жаңа жүйесін талдау.

Инновациялық алаң жұмысын Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы И.И.Бексултанова ашып, қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы директоры Ж.Ж.Мухамбетова білім беру саласындағы жаңа реформалармен таныстырып, Ақтөбе облысының білім саласындағыбақылау департаменті басшысы Ж.Т.Қайшыгулова білім сапасын арттыру жағдайындағы білім беру ұйымдарының роліне тоқталса, Ақтөбе қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Л.Ш.Уралбаева білім беру мекемелері басшысының және орынбасарларын аттестациядан өткізу қағидасымен таныстырды.

Директорлар екі топқа бөлініп, бірінші топта М.Жантурина-Благодар ОМ директоры, А.Мұқамбетжанов-Қызылжар ОМ директоры, екінші топта Б.Урумбаева - №20 ОМЛ директоры, А.Тажимишов - №60 ОМ директорлары «Білім берудің сапасы: білім беру мазмұнын жаңартуды іске асыру жағдайындағы жаңа амалдар» бағдарламасы бойынша жаңашылдық пен «2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» әдістемелік нұсқаухатты талдап, ПШО тринерлері Ф.Избасарова мен А.Уразбаева 2017-2018 оқу жылында 2,5,7 кластарда жүргізілетін критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталды. Мектеп директорлары түсінбестік тудырған сұрақтары мен толғаныстарының шешімін табатын, талқылайтын керемет отырыс болғанына ризашылықтарын білдірді.

Инновациялық алаң соңында педагогикалық колледж бен байланыс колледждерінің психологтары рефлексия жасап аяқтады.

Tags: Нургалиева Ж.Д. конференция № 60 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда