Қазақстанның үшінші жаңғыруы — білімнің үлесі

Автор: Кульжанова Р.Ж., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Жаңалықтар

images 21 тамыз күні 56 орта мектеп базасында мектеп психологтарының қатысуымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы — білімнің үлесі» тақырыбында секциялық отырысы болды. Конференцияны ҚҒӘО əдіскері Р. Ж. Кульжанова ашты.

55 орта мектеп психологі А. Айдарова, 17 орта мектеп гимназиясының психологі Е.С. Хаванская, 4 орта мектеп психологі А. Р. Жакибаева, 33 орта мектеп психологі О. А. Топильская, 12 «Інжугүл» бала бақша психологі Ж. О. Жолмаханова, 5 орта мектеп психологі Д. Т. Шманова, 14 орта мектеп психологі Г. Б. Абдрахманова өз баяндамаларын жасады.

Жұмыс барысында психологтер заманауи білім беру мəселесіндегі маңызды сұрақтарды талқылады.

«Ашық аспан аясында...»

Автор: Копжасаров Б.У., МҚКК «Қалалық көркемсурет лицейі». Опубликовано в Жаңалықтар

imagesБүгін 8 маусым күні «Центр  кредит» банкінің ұйымдастыруымен банк қызметкерлерінің балалары үшін және көркемсурет лицейінің оқушылары үшін ашық аспан аясында плэнер шебер-класс ұйымдастырды. Шебер-класты Қалалық көркемсурет лицейінің мұғалімі О. В. Золотова көрсетті.

Балалардың икемі мен ыңғайына қарай өздерінің сүйген тақырыптарында, суреттер салып көркемдік шеберліктерін байқатты. Шебер-класс Ә. Молдағұлова даңғылы бойындағы көгалды гүлзар алаңында өткізілді. Көркемсурет әкімшілігі «Центр кредит» банкінің басшылғына осындай шараны ұйымдастырып, балалардың шығармашылығын дамытудағы байланысы үшін алғысын білдіреді.

«Біздің қолымыздан бәрі де келеді!»

Автор: Ауесханова Г.А., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Жаңалықтар

imagesҰйымдастырушылар: Ақтөбе облысының білім басқармасы, МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы». Фестиваль-конкурстың мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың халықтық шығармашылыққа қызығушылығын дамыту; дарынды балаларды іздеу және шығармашылық белсенділігін ынталандыру.

Фестиваль-конкурстың міндеттері: мүмкіндігі шектеулі балалар ішінен дарынды балаларды анықтау; мүмкіндігі шектеулі балалардың әр түрлі жанрда шығармашылық потенциялын ашу; мүмкіндігі шектеулі балалардың зияткерлік деңгейін және көзқарасын кеңейту, шығармашылық белсенділігін ынталандыру.

«Бастау» республикалық математикалық турнирі

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Жаңалықтар

Оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білімін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына ықпал ету – мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Математиканы оқыту арқылы мұғалімдер оқушыларды мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге, танымын жан – жақты етуге жол ашады. Математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш класс оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету мақсатында өткізілген «Бастау» республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңі № 56 орта мектеп базасында өткізілді. Турнирге барлығы 73 құрама команда қатысты.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда